БҰҰ-ның Қазақстандағы елдік тобымен онлайн-кездесу туралы

БҰҰ-ның Қазақстандағы елдік тобымен онлайн-кездесу туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 30 сәуірі – Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен және БҰҰ-ның Қазақстанда тіркелген агенттіктері мен құрылымдарының басшыларымен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында А. Рахметуллин Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастық шеңберіндегі негізгі сыртқы саяси басымдықтары туралы ақпараттандырды. Тараптар Қазақстан Республикасының БҰҰ құрылымдарымен ынтымақтастығының басты бағыттары бойынша пікір алмасты.

17 ғаламдық Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру және COVID-19 пандемиясымен және оның жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарымен бірлесіп күресу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ-ның 2021–2025 жылдарға арналған орнықты даму жөніндегі ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасына сүйенетін болады.

Сондай-ақ, сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары БҰҰ құрылымдарымен жаңадан құрылған KazAID Халықаралық даму агенттігі шеңберінде дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстан тарапының қызығушылығын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы нәтижелі және мазмұнды ынтымақтастыққа өзара мүдделілігін қайта растады.