Орталық Азияда есірткіге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары ҚР СІМ-де талқыланды

Орталық Азияда есірткіге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары ҚР СІМ-де талқыланды

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 22 сәуірі – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры Рустам Азиз Мирализода және БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының Қазақстандағы бағдарламалық кеңсесінің басшысы Навид Риазды қабылдады.

         Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың қатысуымен өткен келіссөздер барысында аталған Орталық қызметінің өзекті мәселелері, оның ішінде 2021 жылғы мамыр айының соңына жоспарланып отырған Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің кезекті отырысына дайындық барысы, сондай-ақ өңіріміздегі есірткі қаупіне қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін ОАӨАҮО-ның халықаралық ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланды.

Тараптар биыл ОАӨАҮО құрудың негізін қалаған Есірткіні бақылау саласындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанына 25 жыл толып отырғанын атап өтті.