Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Азия кеңесінің өзекті мәселелері талқыланды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Азия кеңесінің өзекті мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 28 сәуірі - Қазақстан Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтың төрағалығымен сыртқы саяси ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіретін АӨСШК мәселелері жөніндегі ҚР СІМ Жұмыс тобының отырысы өтті.

Іс-шара барысында АӨСШК-ке қазақстандық төрағалықтың жақын келешегіне арналған міндеттерді іске асыру бойынша жоспарлар (2020-2022 жж.), алдағы іс-шаралар кестесі және Сенім шаралары каталогын тиімді ілгерілету жолдары талқыланды.

Ш.Нұрышев өз баяндамасында Қазақстан төрағалығының басты басымдығы болып Кеңесті одан әрі институционалды тұрғыда дамытуды атап өтті. Қатысушылардың назары 2021 жылы өткізілуі жоспарланған Сыртқы істер министрлері кеңесінің 6-шы отырысының, сондай-ақ 2022 жылы Кеңестің 30 жылдығына орайластыра ұйымдастыруы жоспарланған АӨСШК Саммитін сапалы өткізудің қажеттілігіне аударылды.

Іс-шараға қатысқан Азия кеңесі Хатшылығының Атқарушы директоры Елші Қайрат Сарыбай АӨСШК процесін ілгерілету бойынша Хатшылықтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып, қазақстандық төрағалық пен Хатшылық арасындағы тығыз ынтымақтастық қойылған мақсаттарды тиімді ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.