Исландия, Люксембург және Черногорияның Қазақстандағы қоса атқарушы елшілермен кездесулер туралы

Исландия, Люксембург және Черногорияның   Қазақстандағы қоса атқарушы елшілермен кездесулер туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 27 сәуірі – Қазақстанның  Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев жаңадан тағайындалған Исландия Елшісі Арни Сугирдссонмен, Люксембург Елшісі Жорж Фабермен және Черногория Елшісі Милорад Шчепановичпен кездесулер өткізді.

Елшілер Нұр-Сұлтан қаласына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру мақсатында келген.

Орын алған сұхбаттар барысында тараптар Қазақстанның тиісінше Исландия, Люксембург және Черногориямен саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады.

Е. Әлімбаев шетелдік дипломаттарды тағайындалуларымен құттықтап, мемлекетаралық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту істеріне сәттілік тіледі.