
2021 жылғы 19-23 сәуірде Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.
Тараптар Өзбекстан Республикасының Сырдария және Жизақ облыстарымен шектес Қазақстан Республикасының Түркістан облысы шегіндегі учаскеге шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарын дайындауды жалғастырды.
Делегациялар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы сызығындағы алдағы далалық демаркациялық жұмыстарға байланысты мәселелерді талқылады.
Келіссөздер достық және өзара түсіністік атмосферада өтті.
Келесі отырыс 2021 жылы мамырда Қазақстан Республикасында жоспарлануда.