Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 20 сәуірі - Консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде видеоконференция форматында екі елдің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен құзыретті мекемелер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Түрікменстан консулдық консультациялары өтті.
Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, түрікмен делегацияны - Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет бөлімінің басшысы Аннамурат Алтыев басқарды.
Келіссөздер барысында тараптар шарт-құқықтық базаны дамыту, атап айтқанда, екі ел азаматтарының шекарадан өту тәртібі, қандастардың Қазақстанға қоныс аударуы, консулдық алымдардың өлшемін унификациялау және көлікқұралдарының жүргізушілеріне визалар беру мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту бойынша келіссөздер жүргізілді.
Консультациялардың нәтижесі бойынша тараптар консулдық байланыстардың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын растады.