Қазақстан-армян саяси консультациялары туралы

Қазақстан-армян саяси консультациялары туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 21 сәуірі - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов пен Армения  Сыртқы істер министрінің орынбасары Армен Гевондянның қатысуымен онлайн режимде қазақстан-армян саяси кеңестері өтті.

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ ТМД, ЕЭО және ҰҚШК сияқты өңірлік ұйымдардың алаңдарында өзара ықпалдастық мәселелерді талқылады.