Ү.ж. 10-11 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының бірінші саммитіне шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған шақыру

 Ү.ж. 10-11 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының бірінші саммитіне шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған шақыру

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

2017 ж. 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының бірінші саммиті қатысуға шақырамыз.

Аталған іс-шараға шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін press2017oic@mfa.kz и press2017oic@gmail.comэлектрондық мекен-жайларына келесі деректерді 2017 ж. 31 тамызға күні сағат 18:00 дейін жіберу қажет екенін еске саламыз:

1)толтырылған аккредиттеу нысаны;

2)паспорт көшірмесі;

3)ақ және көгілдір аясында электрондық түрде 3х4 фотосуреті (JPEG форматта);

4)шет елдердің азаматтарына Қазақстанға келу үшін визалық қолдау қажет жағдайда, Астанада жоспарланған болу мерзімін қосымша хабарлауды сұраймыз. Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде виза рәсімдеу тәртібі бойынша 5 жұмыс күні созылатынын назарларыңызға саламыз.

Ресми іс-шараларға және Баспасөз орталығына БАҚ өкілдерінің кіру рұқсаты тек фотосуреті бар бейдждердің және жеке басты куәландыратын құжат негізінде жүзеге асырылатынын назар аударуыңызды сұраймыз.

Қазақстандық БАҚ өкілдерін аккредиттеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде келесі телефондар арқылы жүргізілуде: 74-06-24 (ЭБАҚ), 74-04-73 (ЖБАҚ), 74-07-22 (интернет БАҚ).

Аккредиттеу бэйджілерінің берілетін күні және орны қосымша хабарланады.

Аккредиттеу алу және визалық қолдау бойынша сұрақтар жөнінде келесі телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 72-01-48 (жалпы сұрақтар), 72-00-11 (визалық қолдау).

Ү.ж. 31 тамыз күні сағат 18:00 дейін аккредиттеу өтініштер жіберілмеген БАҚ өкілдері іс-шараға қатыса алмайтынын назарыңызды аударамыз.

Өткізу орны: Тәуелсіздік сарайы, Астана қ.,, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Баспасөз орталығы «Шабыт» шығармашылық сарайында орналасады және 10-11 қыркүйекте сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін жұмыс істейді.