
Мәскеу, 2021 жылдың 31 наурызы – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының орынбасарлары деңгейінде сімаралық консультацияларына қатысты.
Іс-шара барысында қатысушы тараптар ұйымның ағымдағы жұмысы туралы пікір алмасып, оның қызметінің негізгі бағыттары бойынша кең ауқымды мәселелер, соның ішінде 2021 жылдың мамыр айында Душанбеде өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына дайындық мәселелерін сындарлы түрде талқылады.