ҚР СІМ-де үкіметтік емес сектормен диалог алаңының отырысы өтті

ҚР СІМ-де үкіметтік емес сектормен диалог алаңының отырысы өтті

28 тамызда Қазақстан сыртқы саясат ведомствосында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Васильенко төрағалығымен «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органның (ККО) кезекті отырысы өтті.

Азаматтық сектор өкілдері және мемлекеттік органдар ашық және тақырыптық диалог пен ынтымақтастыққа дайындығын көрсетті.

Іс-шара барысында Қазақстанның БҰҰ аясында қабылдаған халықаралық міндеттерді орындаудағы өзекті мәселелер талқыланды. ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері және отандық үкіметтік емес ұйымдар БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясының сондай-ақ БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының ережелерін жүзеге асыруды қарастырды.

Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымдардың салық салуына қатысты жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша сындарлы пікір алмасулар өтті.