
РИЯД, 2019 жылғы 11 маусым - Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Рияд қаласында жергілікті БАҚ өкілдеріне елімізде 9 маусымда өткен кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындыларына арналған баспасөз-конференциясын өткізді.
Елші баспасөз-конференциясы барысында саудтық журналистерге президенттік сайлау науқаны, оған қатысқан кандидаттар және олардың дауыс беру нәтижесі бойынша қол жеткізген көрсеткіштері туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, ол кезектен тыс өткен президенттік сайлауға қатысты халықаралық бақылаушылардың берген бағаларымен таныстырды.
Саудтық БАҚ өкілдері алынған ақпарат негізінде сайлаудың ашық та әділ болғаны туралы пайымдағандарын айтып, Қазақстан халқын жаңа президентімен құттықтады және оның басшылығымен әрі қарай даму мен гүлденуіне тілектестік білдірді.