Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытынды нәтижесіне арналған ресми брифинг

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытынды нәтижесіне арналған ресми брифинг

СИНГАПУР, 2019 жылғы 12 маусым - Сингапурдағы Қазақстанның Елшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қорытындысы бойынша ресми брифинг өткізді. Іс-шараға Сингапурдың дипломатиялық корпусының, іскерлік және саяси топтарының 40-тан астам өкілдері қатысты.

Брифинг барысында Қазақстанның басымдықтары өзгеріссіз қалатыны аталып өтілді. Біздің еліміз алдағы уақытта да экономикалық дамудың маңызды бөлігі және шетелдік инвестицияларды тартудың қажетті шарты болып табылатын қоғамның бірлігін қамтамасыз ете отырып, заңды және әділ мемлекетті құруға ұмтылатын болады.

Сондай-ақ, дамудың басты бағыттарының 10 мақсаты белгіленді: халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл, сот-құқықтық реформа, әділ әлеуметтік саясат, тұрғын үй мәселесін шешу, өңірлерді дамыту, теңгерімді және көпвекторлы сыртқы саясат, сондай-ақ жастарды қолдау.

Қазақстанды Үшінші жаңғыртуды іске асыру, бес институционалдық реформаны және Елбасының стратегиясы шеңберінде бастамашылық жасалған басқа да маңызды стратегиялық даму құжаттарын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау, инвестицияларды тарту және қорғау, Қазақстандағы іскерлік белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапур арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдету мен дамыту міндеттерінің маңыздылығын ескере отырып, брифинг аясында Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды және "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясының қызметі жайлы айтылды.