
Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 20 наурызы - Ауған тарапының бастамасымен Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ауғанстан Сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмармен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбаттасушылар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағын, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселелерін талқылады.