Қазақстандық дипломаттар және Жапония парламентарийі екі елдің дамуға ресми көмек саласындағы іс-қимыл перспективаларын пысықтады

Қазақстандық дипломаттар және Жапония парламентарийі екі елдің дамуға ресми көмек саласындағы іс-қимыл перспективаларын пысықтады

АСТАНА, 2017 жылғы 14 қыркүйек - ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директоры Олжас Исабеков Жапония Парламентінің Жоғарғы палатасындағы Либералды-демократикалық партиясы, Комейто таза саясат партиясы және Демократиялық партиясының депутаттары Шигеки Иваи, Масааки Акаике, Кусуо Ошима, Масару Миядзаки, Шинго Миякемен кездесу өткізді.

Сұхбаттасушылар екіжақты қарым-қатынастардың белсенді дамуын атап өтті. Жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар екіжақты өзара іс-қимыл деңгейін кеңейтілген стратегиялық әріптестікке дейін жеткізуге мүмкіндік береді. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жапонияға 2016 ж. қарашадағы ресми сапары бұл нәтижеге жетуге шешуші үлес қосты. Жапонияның Премьер-Министрі С.Абэнің 2015 ж. қазандағы сапары да қазақстандық-жапондық ынтымақтастық үшін маңызды оқиға. Жапон үкіметінің басшысы дәл біздің елімізде, Назарбаев Университет қабырғасында Жапонияның Орталық Азия елдерімен оның ішінде Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастық доктринасын ұсынғаны белгілі.

Кездесу барысында атап өтілгендей екі ел арасындағы парламентаралық байланыстар айтарлықтай маңызға ие. Бұл соңғы айда Қазақстанға сапармен келген жапондық парламенттің екінші делегациясы екенін атап өткен жөн.

Қазақстанның дамуға ресми көмек (ДРК) бағыты бойынша қазақстандық-жапондық ынтымақтастық кездесудің ортақ тақырыптарының біріне айналды. Мәлім болғандай дамыған мемлекеттердің өз дамуында айтарлықтай сәтті белсенді пайдаланатын елімізде сыртқы саясаттың тиімді құралы - ұлттық ДРК жүйесін құру жөнінде шаралар қолға алынуда. Жапондық парламентарийлер Қазақстан аз уақыт ішінде көмек алушы мәртебесінен жаһандық тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша әлем қауымдастығының күштерін қолдауға қабілетті мемлекет деңгейіне дейін серпіліс жасағанына ерекше назар аударды.

Осыған орай, О. Исабеков Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) Қазақстанда өз заманауи ДРК тетігін құруға себепкер болатын кең ауқымды мәселелерге, бұл саладағымамандарды даярлау саласынан бастап, басқа елдерде бірлескен жобаларды іске асыруға дейінгі өзара іс-қимыл барысына қанағаттандығын білдірді. Жапондық көмек жүйесі сыртқы саяси міндеттерді шешуде әлемдегі аса ықпалдылардың бірі екенін айта кету маңызды.

Сонымен қатар тараптар Ауғанстан әйелдерінің экономикалық тәуелсіздігін нығайту бойынша JICA және БҰҰ Даму бағдарламасымен әріптестікте қазақстандық ДРК пилоттық жобасын іске асыру барысына қанағаттандықпен баға берді. Бұл бастама туралы уағдаластық Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың және Жапония Премьер-Министрінің Қазақстанға жоғарыда аталған сапары нәтижесі бойынша бекітілгенін атап өту маңызды.

Кездесу нәтижесі бойынша қазақстандық ДРК жүйесінің одан әрі қалыптасу мақсатында өзара іс-қимыл туралы іс жүзіндегі уағдаластықтарға қол жеткізілді. Олардың ішінде қазақстандық сарапшылардың жапондық бірегей тәжірибесін тереңдетіп зерделеу бойынша іс-шаралар және келешектегі бірлескен жобалар бойынша консультациялар болып табылады.