Мысырлық кәсіпкер: Қазақстанда бизнесті дамытуға дайынбыз

Мысырлық кәсіпкер: Қазақстанда бизнесті дамытуға дайынбыз

КАИР, 2019 жылғы 12 маусым - Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиев «Cairo PoultryGroup» компаниясының басқарушы директоры Адель Альфимен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар, Үкіметтің елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралармен сондай-ақ экономикалық және саяси тұрақтылық жағдайлармен таныстырды. Елші Дүниежүзілік Банктің Doing business рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілгенін атап өтті.

Өз кезегінде, А. Әл-Альфи ҚР-дағы саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалап, сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жолымен біздің елмен өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстанды ТМД-дағы негізгі сауда хабы ретінде қарастырып, ол біздің еліміздің аумағында тауық өнімдерін өндіруді орнату ниетін білдірді.

Cairo Poultry Company – өңірдегі жетекші құс шаруашылығы компаниясы. Koki және Americana Meats сияқты брендтердің арқасында компания салқындатылған, мұздатылған өнімдердің кең ассортиментін ұсына отырып, Мысырдың нарықтағы басты ойыншысы.