ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі комиссияның 57-отырысы өтті

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі комиссияның 57-отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 18 наурызы - Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі комиссияның 57-ші отырысы видеоконференция арқылы өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, әмбебап халықаралық шарттардың атқарушы органдарына және басқа да халықаралық органдарға міндетті мүшелік және ерікті жарналарын төлеу жоспарлары бекітілді.

Комиссия мүшелері Қазақстанның халықаралық ұйымдарға қатысуын қамтамасыз етуге арналған қаржы қаражатын ұтымды пайдалану мәселесін қарастырып, тиімсіз және маңызы аз шығындарды анықтау және қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыруға шешім қабылдады.

Отырыс барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің және Энергетика министрлігінің халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша есептері тындалды.