
АСТАНА, 19 қыркүйек 2017 ж. – Қазақстан БҰҰ-ның жыныстықэксплуатация қанау мен зорлық-зомбылықты жою жөніндегі міндеттемесі туралы құжатына қосылды. Құжатқа БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров 18 қыркүйекте Ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде жыныстық қанаушылық пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің жоғары деңгейдегі кездесуі аясында қол қойды.
Бұл құжат зорлық құрбандарына көмек көрсетуді, БҰҰ миссияларына жіберілетін қызметкерлерді іріктеу мен оқытудың жоғары стандарттарын қамтамасыз етуді, жыныстық эксплуатация және зорлық-зомбылық әрекеттерін жасайтын адамдарға қарсы шаралар қабылдауды қамтиды.
Кездесу барысында БҰҰ жетекшілері мен делегациялар басшылары бітімгершілік операцияларында зорлық-зомбылық жағдайларына жауап қайтарудың тиімді тетіктерін құрудың маңыздылығын атап өтті.