Өзбекстан СІМ басшысының Қазақстанға сапары

Өзбекстан СІМ басшысының Қазақстанға сапары

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 18 ақпаны - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапармен келген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер өткізді.

Сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастарды және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестікті тереңдетудегі өзара ықыласын растады. Олар аса жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстардың одан әрі кеңейту маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар кездесуде 2021 жылдың бірінші жартысында жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.