Каспий теңізі мәселелеріне қатысты Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының 3-ші отырысы бойынша коммюнике

Каспий теңізі мәселелеріне қатысты Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының 3-ші отырысы бойынша коммюнике

2021 жылғы 8-9 ақпанда Мәскеуде Каспий теңізі мәселелері бойынша Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының (ЖДЖТ) 3-ші отырысы өтті.

Келіссөздерге Әзірбайжан Республикасы (басшы – Х.А. Халафов), Иран Ислам Республикасы (басшы – М. Багери Мокаддам), Қазақстан Республикасы (басшы – З.А. Аманжолова), Ресей Федерациясы (басшы – М.И. Петраков) және Түрікменстан (басшы – М.Г. Атаджанов) делегациялары қатысты.

Кездесуді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі
С.В. Лавров ашты. Кездесуде ресей делегациясының жетекшісі Петраков төрағалық етті.

Каспий теңізінде бастапқы тік  сызықтарды белгілеу әдістемесі туралы Келісім жобасын талқылау жалғасып, оның бірқатар ережелері келісілді.

Тараптар Каспий теңізі аймағындағы ынтымақтастыққа шолу жасап, Бесінші Каспий саммиті шешімдерін жүзеге асыруын қарастырды.  

Делегациялар келіссөздердің нәтижелерін оң бағалады және Ресей Федерациясына кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.