Түркия Елшісімен кездесу туралы

Түркия Елшісімен кездесу туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 25 қаңтары - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркияның Қазақстандағы Елшісі Уфук Экиджиді қабылдады. 

Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасып, COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрестегі табысты өзара іс-қимылды қанағаттанушылықпен атап өтті. 

Тараптар көпжақты форматтағы серіктестіктің өзекті мәселелерін және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жолдарын қарастырды.