Украина Елшісімен кездесу туралы

Украина Елшісімен кездесу туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 25 қаңтары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевскийді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың негізгі аспектілерін, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Украина комиссиясының 14-ші отырысына дайындықты, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі және COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрестегі өзара іс-қимылды талқылады.

Тараптар екі ел арасында берік саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.