
2021 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 28 жыл толды. Осы жылдар ішінде елдер арасында достық пен стратегиялық әріптестік рухында дамып келе жатқан тұрақты және сенімді қатынастар қалыптасты.
Жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша Нұр-Сұлтан мен Душанбе ұстанымдары сәйкес келеді немесе жақын. Біздің елдеріміз БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде табысты өзара іс-қимыл жасасуда.
Сауда-экономикалық қатынастар ілгері дамып келеді. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия тиімді жұмыс істеуде.
Бүгінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы саяси саладағы өзара іс-қимыл жоғары деңгейде. Біздің мемлекеттеріміздің басшылары өзара ресми сапарлар барысында, сондай-ақ түрлі халықаралық «алаңдарда» тұрақты кездесіп тұрады.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың серпінді дамуының кепілі 80-ге жуық құжаттан тұратын ауқымды шарт-құқықтық база болып табылады, оның негізгі бөлігі 2015 жылғы 14 қыркүйектегі стратегиялық әріптестік туралы шарт болып табылады. Ынтымақтастықтың барлық салаларын қоса алғанда халықаралық шарттар кең ауқымды мәселелерді қамтиды.