Парламенттік сайлаудағы Түркі кеңесінің байқаушыларымен кездесу

Парламенттік сайлаудағы Түркі кеңесінің байқаушыларымен кездесу

Нұр-Сүлтан, 2021 жылдың 6 қаңтары - Қазақстан Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауды бақылау үшін келген Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бақылаушылар миссиясымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қонақтарға сайлау науқаны мен рәсімдер туралы ақпарат ұсынылды. Тараптар Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

Түркі кеңесі 2009 жылы 3 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Стамбул қаласында орналасқан. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан ұйым мүшелері болып табылады, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.