
16 желтоқсанда біз еліміздің бас мемлекеттік мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтеміз.
29 жыл ішінде Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрды. Біздің еліміз халықаралық аренада өзінің лайықты орнын таба білді және әлемге танылды.
Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында әлемдік қоғамдастықпен достық қатынастар орнатуға, планетада бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған көпвекторлы сыртқы саясат қалыптасты. Бүгінде бұл бағытты Елбасының сенімді серігі және қазақстандық дипломатияның дамуына орасан зор үлес қосқан тұлға - Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының жалпы халық болып сайлаған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табысты жалғастыруда.
Осы қысқа тарихи кезеңде Сыртқы істер министрлігінің ұжымы мемлекетіміз бен қоғамымыздың қарқынды ілгерілеуіне өзінің жарқын үлесін қосуда. Біздің көпғасырлық тарихымызда алғаш рет мемлекеттік шекарамыздың халықаралық-құқықтық танылуына және нығаюына қол жеткізіп, әлемнің 186 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатып, олармен өзара тиімді серіктестік қатынас құрдық.
Халықаралық аренада екіжақты ынтымақтастық негізінде де, халықаралық ұйымдар шеңберінде де айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстан ядролық қаруды таратпау және жаһандық қарусыздандыру үдерісіне, БҰҰ, ИЫҰ, ТМД, ШЫҰ және Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі сияқты халықаралық ұйымдардың қызметіне зор үлес қосты. Біздің Елбасымыз ерікті, өзара тиімді және тең құқықты аймақтық экономикалық интеграция идеясының авторы, соның арқасында Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Қазақстан сонымен қатар Орта Азия мемлекеттерінің екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың белсенді жақтаушысы. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан дипломатиясының маңызды жетістіктерінің бірі – ЕҚЫҰ-ға сәтті төрағалық етуі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы, АӨСШК, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын іске қосуы болды.
Біздің қайратымыз бірлік, бейбітшілік пен келісім, адамгершілік пен төзіміділік сынды мәңгілік құндылықтарды бойына сіңіріп, күшейді. Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, мемлекетіміз бен халқымызға бақ-береке және өркендеу, ал барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен табыс тілеймін.