Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысын өкізу туралы

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысын өкізу туралы

2020 жылғы 7-11 желтоқсан кезеңінде Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Тараптар Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстанмен шектес Қазақстан Республикасының Ақтөбе және Маңғыстау облыстары шегіндегі учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды жалғастырды.

2021 жылға арналған шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары келісілді, сондай-ақ Комиссияның кездесулер кестесі және далалық демаркациялық жұмыстардың жоспары бекітілді.

Тараптар 2020 жылы орындалған демаркациялық жұмыстардың қорытындыларын шығарды. Коронавирус пандемиясының салдарынан енгізілген шектеу шараларына қарамастан, жоспарланған далалық демаркациялық жұмыстар толық көлемде орындалды, сонымен қатар 2020 жылғы мамырда Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы себебінен болған су тасқынынан бүлінген шекара белгілері қалпына келтірілді.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.

Келесі отырыс 2021 жылдың ақпан айында Өзбекстан Республикасында жоспарлануда.