
Астана, 2026 жылғы 20 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) Вице-президенті Гудрун Куглермен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ЕҚЫҰ ПА мен Қазақстан Республикасының Құрылтайы арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларын, cоның ішінде алдағы бірлескен іс-шаралар мен бастамаларды талқылады.
Гудрун Куглер Қазақстанның түрлі салаларда елеулі тәжірибесі бар және оны басқа мемлекеттермен бөлісуге дайын тең құқылы серіктес ретінде танылғанын атап өтті. Осыған байланысты ол ЕҚЫҰ аясында тәжірибе және озық практикалармен алмасудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтың белсенді қатысушысы ретіндегі әлеуетіне назар аударды.
Кездесу ЕҚЫҰ ПА аясында парламенттік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және өңірлік әрі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалогты дамытуға өзара мүдделілікті растады.