Қазақстан ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты

Қазақстан ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейнеконференция режимінде өткен отырысына қатысты.

Іс-шара барысында ҰҚШҰ-ның қазіргі қызметі және оны дамыту перспективалары туралы кең ауқымды мәселелер талқыланып, халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері бойынша пікір алмасылды.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары 2020 жылғы 2 желтоқсанда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына енгізілетін құжаттардың жобаларын мақұлдады.

Отырыс қорытындысы бойынша, ұйымда қабылданған ротациялық тетікке сәйкес, Сыртқы істер министрлері кеңесіндегі төрағалық Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына өтті.

ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған халықаралық өңірлік ұйым. Оның құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.