Министр Беларусьтің Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Министр Беларусьтің Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 17 қараша - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Беларусьтің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі  Павел Утюпинді қабылдады.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сұхбатшысын лауазымына тағайындалуына орай құттықтай отырып, екіжақты қарым-қатынастардың арттыруына өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Тараптар көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды және саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын жандандырудың өзекті мәселелерін талқылады.