Қазақстанның Тұрақты өкілі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның деканына сенім құжаттарын табыстады

Қазақстанның Тұрақты өкілі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның  деканына сенім құжаттарын табыстады

Лаксенбург, 2020 жылғы 10 қараша – Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Омаров Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның (ХСЖҚА) деканы Томас Штельцерге сенім құжаттарын тапсырды.

Академия басшысы ХСЖҚА-ға Қазақстан төрағалығымен 2019 жылғы 2-4 қазанда елордамызда өткен және бірнеше маңызды құжаттарға, соның ішінде Нұр-Сұлтан декларациясына қол қоюмен аяқталған Қатысушы елдер ассамблеясының 8-сессиясының табысты өткенін атап өтті. Т.Штельцер Қазақстан Үкіметіне Академияның қызметіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Өз тарапынан, Елші Қазақстан саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, Академиямен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілігін білдірді.