
АСТАНА, 30 қазан - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесті.
Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен келешектерін, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, А. Қамалдинов қазақстандық азаматтықты алу мақсатында Қазақстанға келген қазақ диаспорасы (Қытай азаматтары) өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелерге баса зейін қоюға қытайлық тараптың назарын аудартты.
Тараптар жоғарыда аталған мәселелер бойынша ақпараттармен жедел түрде алмасуға және оларды достық пен өзара серіктестік рухында шешіп отыруға уағдаласты.