Қ. Әбдірахманов Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция делегацияларымен кездесті

Қ. Әбдірахманов Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция делегацияларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана процесінің 7-ші кездесуіне қатысқан Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция делегацияларымен кездесу өткізді.

Екі кездесуде делегациялар Қазақстан басшылығына Сириядағы бейбіт реттеу бойынша жүйелі ұстанымы және келіссөз процесін жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді, сондай-ақ министрге Астанадағы келіссөздердің күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша ұстанымдары және кепілдік беруші елдермен Сирияда тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу жолдарын талқылау барысы туралы хабарлады.

Келіссөздердің 7-ші кездесуінде тұтқындар мен қамалған тұлғалардың босатылуы, қаза болғандардың мәйіттерін беру және хабарсыз жоғалып кеткен адамдарды іздестіру, Сирия аумағының ірі аумақтарын минадан тазарту және гуманитарлық көмектің түрлі елді мекендерге кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесулердің қатысушылары Астана процесі аясында нәтижелі жұмыс атқаруға ниет білдірді.