Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Астана, 2025 жылғы 29 қыркүйек – Қырғыз тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Ж.Кулубаев әріптесін тағайындалуымен жылы құттықтап, жоғары қызметте табыс тіледі. Өз кезегінде, Е.Көшербаев сұхбаттасына құттықтағаны үшін алғысын білдіріп, қазақ тарапының Астана мен Бішкек арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды жан-жақты тереңдетуге берік ниетін растады.

Министрлер саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы бауырластық, достық және тату көршілік рухында көп қырлы қазақ-қырғыз ынтымақтастығын нығайту мен кеңейтудің қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

Тараптар көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ министрлер алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін қарастырды.