БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне Қазақстанның баяндамаларын дайындау мәселелері ҚР СІМ-де талқыланды

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне Қазақстанның баяндамаларын дайындау мәселелері ҚР СІМ-де талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 30 қыркүйек – Сыртқы істер министрлігінің бастамасы бойынша «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» Консультативтік-кеңесші органының («АӨДА» ККО) онлайн-отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР мүдделі министрліктер, Жоғарғы Сот, Конституциялық Кеңес, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, ҚР Парламенті, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл кеңсесі, қазақстандық құқық қорғау ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ алаң қонақтары ретінде – халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ, ЕО, ЮСАИД, БҰҰДБ, АҚЖКБ, Халықаралық түрме реформасы және ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің өкілдері қатысты.

Отырыста Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді алғы сөз сөйледі. Ол қатысушыларды Мемлекет басшысы мен Үкіметтің елімізді жаңа траекторияға шығаруға бағытталған саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістерді ілгерілету жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы ҚР СІМ министрлік жанынан құрылған ККО алаңында азаматтық қоғам өкілдерімен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасап келетінін атап өтті. ККО күн тәртібі осы жылдың ақпан айында құрылған ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырыстарында адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстанның баяндамаларына ұсыныстар әзірлеу бойынша талқыланатын мәселелермен сәйкес келетіні атап өтілді.

Отырыс барысында қатысушылар азаматтардың құқықтарын қорғаудың жаңа тетігі ретінде әкімшілік әділет мәселесін талқылап, ҚР-ға қатысты БҰҰ үш комитетінің ойларын іске асыру мәселесін қарастырды. Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірлерін білдірді.

Отырыстың тағы бір басты тақырыбы өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қою туралы мәселе болды.

Күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша пікірталастар мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-дың осы мәселелер бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасауы жөнінде нақты ұсыныстар әзірлене отырып, ашық әрі сындарлы сипатта болды.