НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 29 қыркүйек – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары Кеңесі хатшылығының Атқарушы директоры Хабибулло Мирзозоданы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қабылдады.
Сыртқы саяси мекеме басшысы Тәжікстан Республикасының төрағалығы барысында АӨСШК үдерісін ілгерілетуде қосқан үлесі үшін Атқарушы директорға шынайы ризашылығын білдірді.
Х.Мирзозода өз тарапынан ҚР Сыртқы істер министрлігіне сындарлы ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның төрағалығы барысында АӨСШК мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде сәттілік тіледі.