ҚР СІМ баспасөз қызметінің Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылуына қатысты түсініктемесі

ҚР СІМ баспасөз қызметінің Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылуына қатысты түсініктемесі

Үстіміздегі жылғы 23 қыркүйекте БАҚ-тарда Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың БҰҰ Штаб-пәтерінде өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қоюына қатысты түрлі түсініспеушіліктердің пайда болуына байланысты СІМ Баспасөз қызметі келесі түсініктеме беру қажет деп санайды:

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) және 2) тармақтарына сәйкес өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік екінші хаттаманы ҚР Парламенті міндетті түрде ратификациялауы тиіс, өйткені ол адамның және азаматтың құқықтары және бостандықтарымен байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелерді белгілейді.

Осылайша, аталған халықаралық шарт ҚР Парламентімен ратификациядан өткеннен кейін ғана күшіне енеді.

Ратификациялау кезінде екінші Факультативтік хаттаманың 2-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет әскери сипаттағы неғұрлым ауыр қылмыстар жасаудағы кінәсін мойындағаннан кейін соғыс уақытында өлім жазасын қолдануды көздейтін ескертпе жасай алады.