Франция Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

Франция Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 23 қыркүйек – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Францияның Қазақстандағы Елшісі Филипп Мартинэні еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастардың күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелермен, сондай-ақалдағы уақытта екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл жөніндегі пікірлермен алмасты.

Дипломаттар тараптардың жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге өзара ынталарын атап өтті.

Кездесу соңында сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ф.Мартинэге екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасын табыс етті.