Меню

Страницы

Статья

БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы барысындағы С5+1 форматында жиналыстағы бірлескен мәлімдеме

2022 жылғы 22 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші жыл сайынғы сессиясы барысында Америка Құрама Штаттарының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның және Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрлері мен өкілдері С5+1 дипломатиялық платформасы шеңберінде өңірлік ынтымақтастықты талқылау және өзара іс-қимылды жалғастыру үшін кездесті. Олар Орталық Азияның бес елі мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара тиімді серіктестіктің отыз жылдығын атай келе, БҰҰ Жарғысын – ең алдымен барлық елдердің тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын ұстануға деген өздерінің бұлжымас бейілдігін баса айтты. Кеңеске қатысушылар бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың, сондай-ақ дауларды дипломатиялық құралдармен шешудің маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар С5+1 тобының 2015 жылы бастау алғаннан бергі сәтті ынтымақтастығын жоғары бағалады. Олар ортақ мақсаттарды ілгерілетуге бағытталған өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету үшін С5+1 Хатшылығын құру туралы жариялады. Бұған қоса, олар өңірлік экономикалық қауіпсіздікті және өзара байланысты нығайтуға, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ адам құқықтарын сақтауды күшейтуге ықпал ететін бастамаларды талқылады.

Қатысушылар жеке секторды дамытуды қолдау, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, жаңа жасыл технологияларды әзірлеу, таулы аудандарды тұрақты дамыту, су ресурстарын басқару, инфрақұрылымды жоспарлау, жаңартылатын энергетиканы дамыту және оқыту мен білім беру, адамдар арасындағы алмасу үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын растады. Олар экономика, энергетика, қоршаған орта және қауіпсіздік жөніндегі С5+1 жұмыс топтарының маңыздылығын атап өтіп, С5+1 форматындағы жұмыс топтарының тұрақты кездесулерін жалғастыруға уағдаласты.

Дата публикации
22 сентября 2022
Дата обновления
22 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы