Меню

Страницы

Статья

Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл

Қазақстан терроризмнің барлық нысандары мен көріністерін батыл айыптайды және осы саладағы халықаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударады. Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылда жаһандық және өңірлік күш-жігерді біріктіруге жәрдемдесу Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат Тұжырымдамасындағы негізгі басымдықтардың бірі болып белгіленген. Осы саладағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық-құқықтық негізін 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, 2018-2022 жылдарға арналған ҚР-дағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, сондай-ақ өзге де салалық нормативтік құқықтық актілер құрайды.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық контртеррористік қарарларын мүлтіксіз сақтайды, контртерроризм саласындағы барлық 19 әмбебап конвенциялар мен хаттамаларды ратификациялады, сондай-ақ БҰҰ Жаһандық контртеррористік стратегиясын (ЖКТС) іске асыруға белсенді қатысады. 2022 жылғы наурызда Орталық Азияда ЖКТС іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарының жаңартылған нұсқасы бекітілді, ол өңір елдері, шетелдік әріптестер мен донорлар арасындағы практикалық өзара іс-қимылда бағдар болады.

2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ИГИЛ/ДАИШ, «Әл-Каида»-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі санкциялық комитеттеріне төрағалық етті. 2018 жылы «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін мінез-құлық кодексі» саяси декларациясы әзірленіп, қол қоюға ашылды, оны бүгінгі күні 89 мемлекет қолдады.

Қазақстан БҰҰ-ның Контртерроризм басқармасымен (КТБ), БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (ЕҚБ), БҰҰ Даму бағдарламасымен, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия өңірлік орталығымен, Еуропалық Одақпен, ЕҚЫҰ-мен және басқа да әріптестермен нормативтік-құқықтық базаны және құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін жетілдіруге бағытталған техникалық көмектің көпжақты бағдарламалары шеңберінде белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Арнайы және құқық қорғау органдары арасындағы тығыз ынтымақтастық ШЫҰ, ТМД және ҰҚШҰ аясында жүзеге асырылуда.

«Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операциялары шетелдік террорист-содырлардың феноменіне қарсы іс-қимылға Қазақстанның елеулі үлесі болды. «Жусанның» 5 кезеңі мен «Русафаның» бір реттік операциясының нәтижесінде Сирия мен Ирактан 600-ден астам азамат, оның ішінде 400-ден астам бала қайтарылды. Қайтарылған адамдарға психологиялық, заңдық, теологиялық және педагогикалық көмек көрсетіледі, осы салада халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен белсенді тәжірибе алмасу жүргізіледі.

БҰҰ ҚК қарарларын және қаржылық шараларды әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын сақтау мақсатында Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ (ЕАТ) шеңберінде өзара іс-қимыл жүзеге асырылады. Халықаралық құқыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл («КЖ/ТҚҚ»)  саласындағы ҚР заңнамасына сәйкес ҚР уәкілетті органдары кейіннен БҰҰ ҚК тиісті комитеттеріне жеткізу мақсатында террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдар мен ұйымдардың тізбесін жасау бойынша жұмыс жүргізуде.

Терроризмді қаржыландырумен байланысты тұлғалардың тізбесі және БҰҰ ҚК санкциялық тізбелеріне енгізу және одан шығару тәртібі туралы толығырақ ақпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайтында орналастырылған:

www.gov.kz/memleket/entities/afm

https://afmrk.gov.kz

 

Дата публикации
16 сентября 2022
Дата обновления
16 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы