Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ішкі аудит қызметі Мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес 2022 жылдың I жартыжылдығында 8 аудиторлық іс-шара жүргізді.
Аудит 2016 жылғы 1 сәуірден 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді 27 030 011,6 мың теңге қаржыландыру сомасын қамтыды.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 572 304,6 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтар 10 280,5 мың теңгені құрады. Процессуалдық бұзушылықтар сомасы 562 024,1 мың теңгені құрады.
Есепті кезеңде республикалық бюджет кірісіне 1106,7 мың теңге сомасында қаражат өтелді 300,5 мың теңге, қалпына келтірілді және бухгалтерлік есепте көрсетілді.
Аудит барысында анықталған бұзушылықтардың негізгі үлесін бюджет заңнамасын, бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін бұзу, бюджеттік өтінім бойынша есеп айырысулардың толықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ету, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану құрайды. Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша бір лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.