«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-05-54, электрондық пошта: hr.dipservis@gmail.com,
бос лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Құжаттарды қабылдау күні мен уақыты:
2022 жылғы 8 тамыз күні сағат 10:00-ге дейін
Әңгімелесу өткізу уақыты: Конкурстық комиссияның кандидаттарының құжаттарын қарастыру және әңгімелесуге жіберу шешімі бойынша әңгімелесу өткізу уақыты ҚР СІМ ресми интернет-сайтында орналастырылады.
Әңгімелесу өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй
«ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК Дипломатиялық корпуспен жұмыс жасау және хаттамалық іс-шаралар басқармасының дипломатиялық корпуспен жұмыс жасау және хаттамалық іс-шаралар бөлімінің басшысы (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне және халықаралық ұйымдарға қызмет көрсету бойынша жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарымен дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмысты бақылау және хат алмасу. Дипломатиялық өкілдіктермен, консулдық мекемелермен және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты бақылау. Бекітілген тапсырманы орындау үшін ұйым өкілдерімен (олар бойынша іс-шаралар өткізілетін) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қабылдауларына және басқа да хаттамалық іс-шараларына қызмет көрсету жөніндегі тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету. Іс-шараларды өткізу орындарын, үй-жайларды дайындауды ұйымдастыру. Іс-шараларды өткізу стандарттарының талаптарына сәйкес келетін іс-шараларды дұрыс ресімдеуді қамтамасыз ету.
Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша білімі (халықаралық қатынастар) (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» Қоғамдық ұйымының өкілдері қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) 1-қосымшада көзделген үлгіге сәйкес өтініш;
2) 3х4 өлшемдегі түрлі түсті сурет және 2-қосымшада көзделген үлгіге сәйкес кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) нотариалдық куәландырылған бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосысмшаларының көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі куәландырған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.