ҚР Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – СІМ) 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» № 383-V Заңының 8, 9-баптарына және 2016 жылғы 18 қаңтардағы ҚР Үкіметінің «Қоғамдық кеңес туралы типтік ережені бекіту туралы» № 447 қаулысына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.
СІМ 2022 жылғы 6 наурыздан 15 наурызға (қоса алғанда) дейін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша жазбаша түрде ұсыныстар қабылдайды.
Өз ұсынысын жолдаған әрбір коммерциялық емес ұйым және азамат бір кандидатты ұсына алады.
Жұмыс тобы құрамына азаматтық қоғамнан ұсынылған кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады. Кандидаттарды таңдау кезінде сыртқы саясат және гуманитарлық ғылымдар саласында ең көп жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ шетел тілдерін білетін адамдарға айрықша құқық беріледі.
Құжаттарды қабылдау (азаматтардың өтініші немесе коммерциялық емес ұйымдардың ұсынысы, үміткердің өмірбаяндық деректері, коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі) көрсетілген мерзімде күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сенбі және жексенбі күндерін есептемегенде, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Д. Қонаев к-сі, 31-үй, 422-каб.
телефон +7 (7172) 72-02-97
emailrmerali@mfakz