Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-08-08, электрондық пошта: a.shakhanov@mfa.gov.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

Құжаттар 2022 жылғы 24 ақпанға дейін қабылданады

 

1. Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті Орта Шығыс басқармасының бірінші хатшысы, С-4 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Қазақстанның Шығыс Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; өз бағыты бойынша ҚР СІМ, министрліктері мен мекемелерінің сыртқы саяси іс-шараларына қатысу; жетекшілік ететін аймақтағы елдердегі ішкі саяси және экономикалық жағдайды қадағалау мен оған талдау жасау; ақпараттық, талдау және анықтамалық материалдарды әзірлеу; жетекшілік ететін елдермен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері; Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; СІМ басшылығының сұхбат тезистеріне ұсыныс беру және сұхбат жазбасын жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

 

2. Азия-Тынық мұхиты өңірі департаменті Шығыс Азия және Тынық мұхиты өңірі басқармасының бірінші хатшысы, С-4 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Қазақстанның Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; өңірдегі елдермен екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; өз бағыты бойынша Елбасы, Үкімет, СІМ және ҚР министрліктері мен мекемелері басшыларының қатысуымен сыртқы саяси іс-шаралар өткізу; Шығыс Азия және Оңтүстік Шығыс елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ішкі және сыртқы саясатына талдау жасау; жетекшілік ететін елдермен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері; СІМ басшылығының сұхбат тезистеріне ұсыныс беру және сұхбат жазбасын жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

 

3. Ресей, Кавказ және ТМД-ның Еуропалық елдері департаменті Кавказ және ТМД-ның Еуропалық елдері басқармасының атташесі, С-5 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Тәжікстан Республикасымен және Грузиямен екіжақты ынтымақтастығы мәселелері; өз бағыты бойынша СІМ-нің, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының сыртқы саяси шараларына қатысу; құзыреті аясындағы елдердің ішкі саяси және экономикалық жағдайына сараптама жасау және бақылау; сараптамалық, ақпараттық және анықтамалық материалдарды даярлау; үкіметаралық комиссия жұмысының орындалуы бойынша әрекеттер; екіжақты құжаттардың орындалуын жүзеге асыру.   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

 

4. Орталық Азия департаменті Екіжақты ынтымақтастық басқармасының атташесі, С-5 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Жоғары және биік деңгейдегі сапарларды қамтамасыз ету; ҚР мен ОА елдерімен экономикалық ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар беру; ҚР-да тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне, сондай-ақ ҚР министрліктері мен ведомстволарына ноталар мен хаттар дайындау; ҮАК шеңберінде жұмыс топтарына және комиссияларына қатысу; Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасын іске асыруға ықпал жасау; ақпараттық-анықтамалық және талдамалық материалдар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

 

5. Орталық Азия департаменті Көпжақты форматтар басқармасының атташесі, С-5 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Қазақстанның ОА елдерімен көпжақты форматтарының ынтымақтастық мәселелері; өз бағыты бойынша СІМ-нің, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының сыртқы саяси іс-шараларына қатысу; құзыреті аясындағы ОА елдердің ішкі саяси және экономикалық жағдайына сараптама жасау және бақылау; сараптамалық, ақпараттық және анықтамалық материалдарды даярлау; үкіметаралық көпжақты форматтар жұмысының орындалуы бойынша әрекеттер; көпжақты форматтар құжаттардың орындалуын жүзеге асыру.      

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

 

6. Адам ресурстары департаменті Орталық аппарат және жұмылдыру жұмысы басқармасының атташесі, С-5 санаты, (2 б.)

Функционалды міндеттері: Әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға конкурс өткізу және ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет кадрлық құрамына мониторинг жүргізу, сынақтама, кадрлық резервті қалыптастыру, қызметкерлерді өсіру, жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы бойынша міндеттер атқару, басқа да міндеттер атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

 

7. Еуропа департаменті Батыс және Солтүстік Еуропа басқармасының атташесі, С-5 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Екіжақты уағдаластықтарды дайындау және іске асыруды бақылау. Жетекшілік ететін елдермен екіжақты ынтымақтастық мәселелері. Үкіметаралық комиссияның жұмысын жүргізу, жетекшілік ететін елдермен ҚР-дың саяси қатынастары бойынша сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу; жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету; ҚР индустриалды-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал ету; ҚР басшысына екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

 

8. Халықаралық қауіпсіздік департаменті Қарусыздану және таратпау басқармасының атташесі, С-5 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Халықаралық қауіпсіздік саласындағы және жаңа қауіп-қатерге қарсы тұру мәселелері бойынша тиісті ақпараттық-сараптамалық материалдарды әзірлеу; ресми сапарларды дайындау және өткізу; Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздік саласындағы, қару-жарақты бақылау, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, экспорттық бақылау, жөніндегі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша проблемалық және перспективті мәселелер жөніндегі ресми ұстанымды даярлауға ұсыныстар енгізу.

Оның ішінде келесі мәселелер:

Ядролық қаруға тыйым салу шарты,

Қарусыздану мәселелері бойынша БҰҰ комиссиясы,

БҰҰ ҚК санкциялық қарарларын орындау,

ҚР-дың Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйыммен ынтымақтастығы,

БҰҰ ҚК 1540 қарары,

Аналитикалық материалдарды ұсыну;

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша анықтамалық ақпараттарды дайындау және өзектендіру,

Басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.

Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздік Қазақстан-американдық бағдарламаның іске асырылуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

 

9. Валюта-қаржы департаменті Шетелдік іссапар және өкілдік шығындар басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Шет елдердегі мекемелердiң бухгалтерлiк есептерін тексеру. Шет елдердегі мекемелердiң бухгалтерлiк есеп берулерi бойынша қорытындылар жасау. Тоқсандық және жылдық жиынтық теңгерімді ҚР Қаражы министрлiгiне беру үшін ұлттық валютада және АҚШ долларымен жасалатын бухгалтерлiк есеп беру жиынтығы. Шет елдердегі мекемелердi қаржыландыру бойынша өтінімдердің түсімі мен жиынтығы. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарының және шет елдердегі мекемелер қызметкерлерінің еңбек ақысы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу. Бухгалтерлiк есеп және есеп беру, қаржыландырудың ағымдағы мәселелерi бойынша хат алысу, ревизиялық тексерулер, шет елдердегі мекемелердiң қаржылық-шаруашылық жұмыстары бойынша хат-хабар жазысу. Шет елдердегі жаңа мекемелердің ашылуына, үлгілік штаттық кестелерге, шет елдердегі мекемелерді қаржыландыру жобасына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қаржыландыру жоспарына қосымша қаржы бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, Шет елдердегі мекемелердің қаржылық-шаруашылық жұмыстарын тексеруді жүзеге асыру. Ведомстволық бақылау мәселелері. Шет елдердегі мекемелердің нақты шығыстары жөніндегі мәліметтер жиынтығы.      

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: бизнес, басқару және қаржы, заңтану, құқық (бизнес және басқару; бизнес, басқару және құқықпен байланысты пәнаралық бағдарламалар, 1С-бухгалтерия, қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚСХҚЕС)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

 

10. Валюта-қаржы департаменті Бюджеттік жоспарлау және талдау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: «Шетелдік iссапарлар» бағдарламасы бойынша ҚР Үкiметiнiң қаулыларының және СIМ-нiң бұйрықтарының жобаларын әзiрлеу; «Шетелдік iссапарлар» бағдарламасы бойынша ҚР мемлекеттiк органдарының жиынтық кестелерiн және ҚР Үкiметiне ұсынуға арналған өкілетті шығындар жасау; еліміздің шет елдердегі мекемелерiмен хат алысу; бақылау-тексеру жұмысы туралы ережені әзiрлеуге қатысу; ҚР Үкiметiнiң қаулыларының жобаларын әзiрлеуге қатысу; жоспарға сәйкес кадрларды ауыстыруларды, арнайы тарифтер және жеңiлдiктер бойынша «КЛМ» компаниясында авиабилеттерді брондау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: бизнес, басқару және қаржы, заңтану, құқық (бизнес және басқару; бизнес, басқару және құқықпен байланысты пәнаралық бағдарламалар, 1С-бухгалтерия, қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚСХҚЕС)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

С-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

-"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Орташа есеппен

С-4 (бірінші хатшысы)

282 333

С-5 (атташе)

186 834

 

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. 

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Қағидаларының 54-тармағына сәйкес Әңгімелесу барысында техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен бір жылдан кем емес персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 55- тармағына сәйкес А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Қағидаларының 77 - тармағына сәйкес Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

      1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

      2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидаларының 79 - тармағына сәйкес. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

      1) Өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Әңгімелесу өткізу уақыты: 2022 жылғы 1 және 2 наурыз.

Әңгімелесу өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.

 

 

 

 

 

 

 

 

___________________________________

      (мемлекеттік орган)     

                            

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________

______________________________________________________________________

      

 

__________ ____________________________________

(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

 

 

Дата публикации
15 февраля 2022
Дата обновления
15 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы