Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-08-08, электрондық пошта: a.shakhanov@mfa.gov.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Құжаттар 2022 жылғы 9 ақпанға дейін қабылданады
1. Валюта-қаржы департаменті Бюджеттік жоспарлау және талдау басқармасының басшысы, С-3 санаты, (1 б.)
Функционалды міндеттері: Орталық аппараттың әкімшілік шығындар сметасын жоспарлау және жасау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, объектілер салу және жөндеу-құрылыс жұмыстары жөнінде ұсыныстар енгізу.
Ұлттық және шетелдік валюталарда жасалған қаржылық операцияларды есепке алу; қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға, валюта-қаржылық мәселелер жөніндегі заңнаманың сақталуына тұрақты және тиімді түрде бақылау жасауды жүзеге асыру; шет елдерге қысқа мерзімді іссапарларға жіберілетін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларын қаржымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру; мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуын қаржыландыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық жұмыстарының есептілігін, ҚР бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы есепті жасау, түсімдерді есепке алу, түрлі операциялық жүйелердегі жұмыс істеу машықтарын білу және үйрену.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: бизнес, басқару және қаржы, заңтану, құқық (бизнес және басқару; бизнес, басқару және құқықпен байланысты пәнаралық бағдарламалар, 1С-бухгалтерия, қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚСХҚЕС)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
2. Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті Орта Шығыс басқармасының бірінші хатшысы, С-4 санаты, (1 б.)
Функционалды міндеттері: Қазақстанның Шығыс Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; өз бағыты бойынша ҚР СІМ, министрліктері мен мекемелерінің сыртқы саяси іс-шараларына қатысу; жетекшілік ететін аймақтағы елдердегі ішкі саяси және экономикалық жағдайды қадағалау мен оған талдау жасау; ақпараттық, талдау және анықтамалық материалдарды әзірлеу; жетекшілік ететін елдермен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері; Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; СІМ басшылығының сұхбат тезистеріне ұсыныс беру және сұхбат жазбасын жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
3. Азия-Тынық мұхиты өңірі департаменті Шығыс Азия және Тынық мұхиты өңірі басқармасының бірінші хатшысы, С-4 санаты, (1 б.)
Функционалды міндеттері: Қазақстанның Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; өңірдегі елдермен екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; өз бағыты бойынша Елбасы, Үкімет, СІМ және ҚР министрліктері мен мекемелері басшыларының қатысуымен сыртқы саяси іс-шаралар өткізу; Шығыс Азия және Оңтүстік Шығыс елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ішкі және сыртқы саясатына талдау жасау; жетекшілік ететін елдермен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері; СІМ басшылығының сұхбат тезистеріне ұсыныс беру және сұхбат жазбасын жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
4. Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Мемлекеттік сатып-алу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 б.)
Функционалды міндеттері: Министрлiктiң мемлекет сатып алу және материалдық қамтамасыз ету, соған қатысты республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша жобалар әзірлеу; Министрлiктi қамтамасыз етудің ағымдағы мәселелері бойынша хат алысу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері арасында ақпаратпен алмасуды енгізу, ғимараттың техникалық жағдайына, буған қатысты территорияны жене инженерлік коммуникация қурылығыларға бақылау, Орталық аппараты кеңсе тауарлармен қамтамасыз ету және есепке алу, Осы айдың 5-не дейін ай сайынғы есеп дайындау, Бағдарламалық қамсыздандыру, оргтехника қызметтері бойынша жабдықтаумен және жиһаз қамсыздандыру, алмастыру, есептен шығару және қажеттiлік бойынша ұсыныс енгiзеді.; Министрліктің орталық аппаратын және ҚР-ның шетелдердегі мекемелерін жыл сайын мемлекеттік рәзімдермен қамтамасыз ету, қазақ ұлттық кәдесыйларын сатып алуларын ұйымдастыру және оған бақылау жасау; ҚР-ның шетелдердегі мекемелерін қамтамасыз ету, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік символдары бейнеленген стендтермен қамтамасыз ету, имидждік материалдармен қамтамасыз ету, т.б.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, экономика, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, экономика, бух. учет және аудит, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, қаржы, заңтану, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
5. Еуразиялық интеграция департаменті Еуразиялық экономикалық одақ басқармасының екінші хатшысы, С-4 санаты, (1 б.)
Функционалды міндеттері: Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) жұмыс істеу мәселелері бойынша ақпараттық, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу;
Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - ЕЭК) Алқасы, ЕЭК Кеңесі, Еуразиялық үкіметаралық кеңесі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырыстарына позициялық материалдарды дайындау, ЕАЭО-ның жұмыс істеу мәселелері бойынша сарапшылар кеңесіне қатысу;
ЕАЭО-ға қатысты мәселелер бойынша ҚР мекемелері және министрліктерімен өзара әрекеттесу;
Қызметтік іссапарларға бару және оны дайындау, әртүрлі деңгейлердегі кездесулерге материалдарды дайындау, ҚР-да тіркелген шетелдердің дипломатиялық өкілдіктеріне және ҚР-дың шетелдердегі мекемелеріне хаттар мен ноталарды дайындау және жолдау;
Үшінші елдермен сауда экономикалық ынтымақтастық және еркін сауда жөніндегі келісімдерге қол қою бойынша келіссөздерге қатысу;
Министрліктің жоғары лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері шегінде жүктелген өзге де функционалдық міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
9) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
-"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
Санат
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
Орташа есеппен
С-3 (басқарма басшысы)
328 373
С-4 (бірінші хатшысы)
282 333
С-4 (бас сарапшысы)
213 257
С-4 (екінші хатшысы)
246 113
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Қағидаларының 54-тармағына сәйкес Әңгімелесу барысында техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен бір жылдан кем емес персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 55- тармағына сәйкес А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Әңгімелесу өткізу уақыты: 2022 жылғы 10 ақпан.
Әңгімелесу өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.
"Б" корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________________________
e-maіl: ________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________________
_________ ______________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.