Меню

Страницы

Статья

ҚР СІМ-де шақыруларды ресімдеу тәртібі

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі («Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы).

Вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және 5 күннен кешіктірілмей беріледі («Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары»).

Қазақстан Республикасына шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне екі данада толтырылған кестелерді (қағаз нұсқада және электронды түрде (файлдын форматы міндетті түрде Microsoft Office Excel 97-2003 (.xls) болу тиіс) және visa@mfa.kz электрондық поштасына жіберу қажет), вербалды нотаны және паспорттардың көшірмелерін ұсынады.

Қағидаларда қарастырылған жағдайларда, қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.

Шақыру нөмірлері ҚР СІМ-нің сайтында орналастырылады. ҚР СІМ КҚД-де тіркелген нөмір, шақыру күні шақырушы тараппен шетел азаматына беріледі (түпнұсқа немесе шақырудың сканерден өткізілген көшірмесі).

Келісілген нөмірді алғаннан кейін, шетел азаматына ҚР визасн алу үшін ҚР-дың шет елдердегі консулдық мекемелеріне жүгіну керек.

Визаны беру орны виза алушының азаматтығына тиесілі елге және (немесе) тұрғылықты жеріне қатысты консулдық округке сәйкес анықталады.

Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында ресми делегация мүшелеріне, Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарына, сонымен қатар виза алушыларға шақыру негізінде ҚР СІМ береді.

Дата публикации
11 марта 2020
Дата обновления
18 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы