«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 34 үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-03-51, электронлық почта: rgpmid@mail.ru,
келесі лауазымдарға орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
Құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты:
2021 жылғы 8 қарашада сағат 18:30-ға дейін
Әңгімелесу өтетін күні:
Конкурс комиссиясының кандидаттардың құжаттарын қарау және әңгімелесуге жіберу қорытындылары бойынша әңгімелесу өткізілетін күні
ҚР СІМ-нің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Әңгімелесу өтетін жері
Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-ғимарат
«ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК
Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас экономисі
(1 бірлік)
Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас экономисі:
1.Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне бекітілген қаржылық көрсеткіштерді жеткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
2. Бөлім қызметкерлерімен бірлесіп Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
3. Өз құзыреті шегінде Кәсіпорынның жоспарлы іс-шараларын іске асыруды бақылауды қамтамасыз етеді.
4. Сыртқы істер министрлігіне ай сайынғы есептерді және орындалған жұмыстардың актілерін дайындайды.
5. Кәсіпорын қызметінің барынша нәтижелілігіне қол жеткізу мақсатында Кәсіпорын резервтерін пайдалану жөніндегі ұсыныстарды анықтайды және енгізеді.
6. Кәсіпорынның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге және Кәсіпорынның жарғылық қызметін жүзеге асыруға қажетті өзге де нормативтерге (автокөлік құралдарының лимиттері, алаңдардың нормалары, өкілдік және іссапар шығыстарының нормалары, ЖЖМ, шаруашылық тауарларының, жуу құралдарының шығыс нормалары және т.б.) сәйкес нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады.
7. Экономикалық мәселелер бойынша кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне, бөлім басшысының келісімі бойынша, өз құзыреті шегінде кеңес береді (жазбаша және/немесе ауызша).
8. Кәсіпорынның бюджеттік өтінімін қалыптастырады.
9. Еңбек заңнамасына, Еңбек және ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындайды және еңбек тәртібін сақтайды.
10. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтайды.
11.Жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыптылықпен қарайды, жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шектерде келтірілген зиянды өтейді.
12.Бөлім бастығы сұратқан нысан бойынша және мерзімінде жұмыстардың орындалу барысы туралы, орындалған жұмыстар туралы есептерді (ауызша немесе жазбаша нысанда) ұсынады.
13. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша басқа да іс-әрекеттерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары білімі; мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болу керек.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) 2-қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті суреті бар белгіленген нысан бойынша кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білімі туралы құжаттар және олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.