«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 34 үй, анықтама үшін телефон: телефон: (8-7172) 72-03-51, электронлық почта: rgpmid@mail.ru,
келесі лауазымдарға орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
Құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты:
2021 жылғы 25 қазанда сағат 18:30-ға дейін
Әңгімелесу өтетін күні:
Конкурс комиссиясының кандидаттардың құжаттарын қарау және әңгімелесуге жіберу қорытындылары бойынша әңгімелесу өткізілетін күні
ҚР СІМ-нің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Әңгімелесу өтетін жері
Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-ғимарат
«ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК
Бухгалтерлік есеп бөлімінің бөлім басшысы-бас бухгалтері
(1 бірлік)
Бухгалтерлік есеп бөлімінің бөлім басшысы - бас бухгалтері міндетті:
1.ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2.есептік-экономикалық бөлімшелерге (қызметтерге) басшылықты жүзеге асыру және олардың қызметін қамтамасыз етуге;
3.қаржы-экономикалық қатынастарды қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшенің жұмысын бағыттауға және үйлестіруге, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешуге, ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелердің және қызметтердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасай отырып өз міндеттерін атқаруға;
4.бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің құрылымына және ерекшеліктеріне, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай есеп саясатын қалыптастыруға;
5.шоттардың жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарын), үлгілік нысандар көзделмеген шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын дайындауға және қабылдауға, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеуге, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін, шаруашылық операцияларының жүргізілуін бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтауды және құжат айналымы тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты басқаруға;
6.есепке алу-есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру және қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды, есепке алу мен бақылаудың озық нысандары мен әдістерін қолдану негізінде ұйымда және оның бөлімшелерінде бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
7.ұйымның қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және дұрыс бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыруға;
8.мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын есепке алуды, шоттарда олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепке алу, өндіріс және айналым шығындарын есепке алу, шығыстар сметасын орындау, өнімдерді өткізу, жұмыстарды (қызметтерді) орындау, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ қаржылық, есептік және кредиттік операцияларды есепке алуды ұйымдастыруға;
9.құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақытылылығын және дұрыстығын, өнімнің, орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) өзіндік құнының экономикалық негізделген калькуляцияларын жасауға, еңбекке жалақыны төлеу жөніндегі есептерді, салық және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы және өзге де сақтандыру жарналарын, банктерге төлемдерді, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты дұрыс есептеуге және аударуды қамтамасыз етуге;
10.бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуына, еңбекке ақы төлеу қорының жұмсалуына, ұйым қызметкерлеріне жалақының дұрыс есептелуіне, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарына түгендеу жұмыстарын жүргізуге, ұйымның бухгалтерлік есеп пен есептілігін тексеруге, сондай-ақ ұйымның бөлімшелерінде құжаттық тексеру жұмыстарын жүргізуге бақылауды жүзеге асыруға;
11.шаруашылықтың ішкі сақтық қорларын анықтауға, шығындар мен өнімсіз шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне жүргізілетін экономикалық талдау жұмысына қатысуға;
12.жетіспеушіліктердің, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу шараларын қабылдауға;
13.қаржылық тексерістер жүргізуге және ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша материалдарды ресімдеу жұмыстарына қатысуға;
14.ұйымның банкроттығын ресімдеу рәсімдеріне қатысуға;
15.ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржы қаражатын жинақтау жөнінде шаралар қабылдауға;
16.бос қаржы қаражатын банктік депозиттік салымдарға (сертификаттарға) орналастыру және бағалы қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша банктермен өзара іс-қимылды, депозиттік және кредиттік шарттармен, бағалы қағаздармен есеп операцияларының жүргізілуін бақылауды жүзеге асыруға;
17.штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығындар сметасының, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектерді және басқа да шығындарды есептен шығару заңдылығының қатаң сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіпте мұрағатқа ресімделуін және тапсыруын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
18.баланс жасауды және қаражат кірістері мен шығыстары туралы, бюджетті пайдалану туралы жедел жиынтық есептерді, басқа бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етуге және есептік ақпараттың объективтілігін қамтамасыз етуге;
19.заманауи есептеу техникасы құралдарын қолдану негізінде ұтымды жоспарлы және есептік құжаттаманы, бухгалтерлік есепті жүргізудің прогрессивті нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу жұмыстарына қатысуға;
20.аударымдарға ақша қаражатын бөлуге;
21.касса бойынша бастапқы құжаттамаға және материалдық жауапты тұлғалардың есептеріне қол қоюға;
22.«ҚР СІМ» ММ кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін (1,2,3,4-нысаны және түсіндірме жазба) жасауға және тапсыруға;
23.негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығару және кәсіпорын объектілерін жөндеу кезінде комиссия құрамына қатысуға;
24.кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдауға, төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, пайдаланылмайтын тауарлық-материалдық құндылықтардың пайда болуының алдын алуға және жоюға, өндірістің рентабельділігін арттыруға, пайданы ұлғайтуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу жұмыстарына қатысуға;
25.есептік құжаттаманың дұрыс жасалуын және ресімделуін, оның сыртқы және ішкі пайдаланушыларға уақтылы ұсынылуын бақылауға;
26.қабылданған шешімдердің салдарына, мүліктің сақталуына және тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық нәтижелеріне толық жауап бере отырып, бөлім қызметкерлеріне басшылық жасауға;
1) кәсіпорынның еңбек тәртібін және кәсіби этика қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындауға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;
2) қызметтік қажеттілік туындаған жағдайда кәсіпорынның басқа қызметкерлерінің функцияларын орындауға;
3) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді меңгеруге;
4) басшылықтың тапсырмасы бойынша ішкі нормативтік құжаттардың, қызметтік жазбалардың, хаттардың, директордың бұйрықтарының жобаларын уақтылы дайындауға;
5) Бөлімнің қарауына келіп түскен хаттамалық тапсырмаларды, құжаттарды, хаттарды уақытылы орындауға.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Тиісті мамандығы бойынша білімі жоғары; бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген кәсіби бухгалтер сертификатының болуы; мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) 2-қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретімен қоса кандидаттың қызмет тізімі;
3) білімі туралы құжаттардың және оларға тіркелген қосымшалардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;