Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастығы

Жалпы мәліметтер

1992 ж. қаңтар – Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) қатысушысы болды.

1994 ж. – ҚР Президенті ұйымның Будапешттегі Тарихи саммитіне қатысты, онда ЕҚЫК-ті ЕҚЫҰ-ға қайта атау туралы шешім қабылданды.

1995 ж. – ЕҚЫҰ жанындағы ҚР Тұрақты Өкілдігі (Вена) және ЕҚЫҰ-ның ОА-дағы (Ташкент) Өңірлік бюросы ашылды.

1999 ж. – Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығы ашылды.

2007 жылғы 21 маусым – ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің шешімімен Орталық Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы болып өзгертілді (орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты).

2007 ж. желтоқсан – Мадридтегі ЕҚЫҰ СІМК шешімімен Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып сайланды.

2010 ж. – ҚР-дың ЕҚЫҰ-да төрағалығы.

2010 жылғы 16-17 шілде – Алматыдағы ЕҚЫҰ СІМК, ҚР-да Саммит өткізу туралы шешім.

2010 жылғы 1-2 желтоқсан – ҚР Президенті Н. Назарбаевтың төрағалығымен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті.

2011 ж. қыркүйек-желтоқсан – ҚР-дың Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумына (ҚСЫФ) төрағалық етуі. 2012 жылдың сәуіріне дейін – ҚСЫФ «үштік» құрамында жұмыс.

2011 ж. желтоқсан – ҚР-дың «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды және ЕҚЫҰ-ның «үштігі» құрамындағы қызметін аяқтауы.

2020 жылғы 4 желтоқсаннан бастап – СІМК шешімімен ЕҚЫҰ Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болып Елші Қайрат Әбдірахманов тағайындалды.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап – ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы лауазымын ГФР өкілі, доктор Фолькер Фробарт (бұған дейін бұл лауазымды Венгрия елшісі Дьердь Сабо 2016-2021 жыл аралығында атқарған) келеді.

2021 жылғы 6 шілдеден бастап – ЕҚЫҰ ПА жаңа лауазымды тұлғаларын сайлау бойынша дауыс беру барысында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ ПА Төрағасының Вице-төрағасы қызметіне сайланды (мандаты 2023 ж. маусымда аяқталды). 2021 жылғы 23 тамыздан бастап А. Шәкіров тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру мәселелері бойынша арнайы өкіл лауазымына тағайындалды.

ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барлық үш өлшемі бойынша: әскери-саяси, экономикалық-экологиялық, гуманитарлық жүргізіледі және ЕҚЫҰ орталық институттарымен (Хатшылық, ВКНМ, ДИАҚБ, ЕҚЫҰ өкілінің БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі кеңсесі), сондай-ақ оның Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисін қоса алғанда, далалық миссияларымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.

ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан 2009-2011 жылдар ішінде ұйым «Үштігің» басшылық жұмысына белсенді қатысты. ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Астанадағы саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» атты Астана декларациясының рухы мен мәтін іске асыру аса маңызды басымдық болып қала береді.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жылы (2010 ж.) және одан кейінгі кезеңде Ұйым қызметінің барлық үш өлшемі бойынша қабылданатын шаралардың теңгерімділігіне үнемі ерекше назар аударады.

Қазақстандық төрағалықтың маңызды міндеті ұйымды жан-жақты нығайту, оның тиімділігін және қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге барабар ден қою қабілетін арттыруға жәрдемдесу болды.

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммиті маңызды саяси серпіліс болды, онда бірыңғай және бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығының көзқарасы белгіленген Астана декларациясы қабылдауды.

ҚР әскери-саяси өлшем шеңберінде еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сенім шараларын нығайту жөніндегі көпжақты күш-жігерді қолдауды жалғастыруда. ЕҚЫҰ-ның Ауғанстанмен өзара іс-қимылын нығайту мәселесіне ерекше назар аударылады.

Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық бағытында Азия мен Еуропаны біріктіретін өзара байланыс және трансконтиненталдық көлік дәліздерін дамыту, орнықты даму, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тиісті басқару, жасыл экономика, ақылды қалалар маңызды басымдық болып қала береді. ЕҚЫҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлеуетін пайдалану, оның ішінде Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді басқару шешімі бойынша жұмыс жалғасуда.

2017-2019 жылдары Қазақстан экономикалық-экологиялық Комитетке төрағалық етті. 2017 жылғы маусымда ЭЭФ-ке екінші дайындық кездесуі Астанада «ЭКСПО 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтті. Астанадағы ЭЭФ-ке екінші дайындық кездесуі және Прагадағы қорытынды форум кезінде өткен пікірталастардың нәтижелері Министрлер Кеңесінің «ЕҚЫҰ өңіріндегі экономикалық өмірге қатысуға жәрдемдесу» шешімін қабылдауына, сондай-ақ ЭЭК-ке аустриялық төрағалық пен қазақстандық төрағалықтың экономиканы және экологиялық ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі бірлескен декларациясын қабылдауға ықпал етті.

Адами өлшемде Қазақстан үшін төзбеушілік пен кемсітушіліктің барлық түрлерімен күрес, толеранттылық, адам құқықтарын қорғау, заңның үстемдігі, сот жүйесінің тәуелсіздігі, гендерлік тепе-теңдікті ілгерілету және адам саудасына қарсы күрес сияқты мәселелер маңызды болып қала береді.

ЕҚЫҰ-дағы қазақстандық өкілдері

Қазақстан ЕҚЫҰ желісі бойынша шешімдер дайындауға және қабылдауға өз үлесін қосып, қазақстандық өкілдерін ұйым құрылымдарына жұмысқа жібереді (2009 ж. маусым – ЕҚЫҰ хатшылығына бірінші секондмент (Р. Оразалин); 2009 ж. қараша – ЕҚЫҰ ДИАҚБ-дағы бірінші секондмент (Т. Сұлтанғожин)).

2020 жылғы 4 желтоқсаннан бастап СІМК шешімімен ЕҚЫҰ Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болып Елші Қайрат Әбдірахманов тағайындалды. Осылайша, Қ. Әбдірахманов ЕҚЫҰ тарихындағы басшылық лауазымдардың біріне тағайындалған ТМД елдерінің алғашқы өкілі болды.

2021 жылғы 6 шілдеден бастап ЕҚЫҰ ПА жаңа лауазымды тұлғаларын сайлау жөніндегі дауыс беру барысында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ ПА Төрағасының Вице-төрағасы қызметіне сайланды (мандаты 2023 ж. маусым айында аяқталды). 2021 жылғы 23 тамыздан бастап А. Шәкіров тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру мәселелері бойынша арнайы өкіл лауазымында тағайындалды.

Дата публикации
16 октября 2019
Дата обновления
23 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы