Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-08-08, электрондық пошта: a.shakhanov@mfa.gov.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

Құжаттар 2021 жылғы 11 тамызға дейін қабылданады

 

  1. Америка департаменті ЛАКБ және Канада басқармасының басшысы, С-3 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Қазақстанның Канадамен, Латын Америка және Кариб бассейні елдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; өз бағыты бойынша ҚР мемлекет басшыларының, Үкімет, СІМ, министрліктердің және ведомстволардың  қатысумен өтетін шараларды өткізу; ҚР-дың Канадамен, Латын Америка және Кариб бассейні елдерімен екіжақты консультацияларын өткізу; ҚР-дың Канадамен, Латын Америка және Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастығын жандандыру бойынша ұсыныстарды дайындау; ҚР-дың Канадамен, Латын Америка және Кариб бассейні елдері арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық  мәселелері; аталған елдердің ішкі саяси және экономикалық ахуалын талдау және қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану,  құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

 

  1. Азия-Тынық мұхиты өңірі департаменті ҚХР басқармасының кеңесшісі, С-4 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; өңірдегі елдермен екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; жетекшілік ететін өңірдегі елдермен үкіметаралық комиссиялардың отырыстарын өткізу; өз бағыты бойынша Елбасы, Үкімет, СІМ және ҚР министрліктері мен мекемелері басшыларының қатысуымен сыртқы саяси іс-шаралар өткізу; Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ішкі және сыртқы саясатына талдау жасау; жетекшілік ететін елдермен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері; СІМ басшылығының сұхбат тезистеріне ұсыныс беру және сұхбат жазбасын жасау. Келіп түскен құжаттарды бақылау (кіріс және шығыс хаттарды қабылдау мен тіркеу, бақылау картотекасын жүргізу, хаттарды иелеріне жеткізу, құжаттың түпкілікті орындалуын бақылау, бақылаудан алу) ішкі қызмет құжаттарын орындау; Бұйрықтарды әзірлеу; Өзіне жүктелген міндеттерді өзге қызметкерлермен тең дәрежеде орындау;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

 

  1. Мемлекеттік тіл саясаты басқармасының кеңесшісі, С-4 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Республикасының дипломатиялық заңы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіл саясатын іске асыру;

2) халықаралық қатынастар саласында ҚР Тіл туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ Министрлікте және ҚР шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік тілде іс жүргізуді бақылауды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;

4)  қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіруді қамтамасыз ету;

5) Мемлекеттік тіл комиссиясы мен Терминологиялық топтың қызметін қамтамасыз ету, Министрліктегі терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, сыртқы саясат саласындағы терминдерді біріздендіру;

6)  мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

7)  Министрліктің құрылымдық бөлімшелері дайындаған мемлекеттік тілдегі мәтіндерді қалыптастыруды, түзетуді және жалпы сараптауды жүргізуді жүзеге асыру;

8) Министрлік персоналының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің жұмыстарын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, қаржы, заңтану, әлемдік экономика, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

 

  1. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, С-3 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасы мен болу мемлекеті арасындағы стратегиялық қатынастар саясаты мәселелері бойынша сапалы ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуді жүзеге асыру; болу еліндегі ішкі саясаты ахуалды, сондай-ақ аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талдау және қадағалау;  Шетелдік мекеменің іс жүзіндегі қызметінің мәселелері бойынша болмыш мемлекеттің сыртқы істер ведомствосы басшылығымен, дипломатиялық корпуспен, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен өзара байланыс жұмыстарын жүзеге асыру; Елшінің тасырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

 

  1. Америка департаменті АҚШ басқармасының екінші хатшысы, С-4 санаты (1 б.)

Функционалды міндеттері: Қазақстанның АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастық мәселелері;  өз бағыты бойынша ҚР мемлекет басшыларының, Үкімет, СІМ, министрліктердің және ведомстволардың қатысумен өтетін сыртқы саяси шараларғаа қатысу; АҚШ-тың ішкі саяси және экономикалық ахуалын талдау және қадағалау; талдау, ақпараттық және анықтамалық материалдарын дайындау; ҚР мен АҚШ-тың әскери-техникалық ынтымақтастық  мәселелері.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану,  құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

 

  1. Консулдық қызмет департаменті Паспорттық-визалық басқармасының екінші хатшысы, С-4 санаты, (1 б.)

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының құқытары мен мүдделерін қорғау; визалық сұрақтар бойынша ақпараттық, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу; паспорттық-визалық саладағы нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға және жиналыстарға қатысу; шет елдердегі ҚР мекемелерінен келіп түсетін визалық сұрақтар ақпараттық-сараптамалық материалдарға талдау жасау, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау; Қазақстан Республикасының консулдық мекемелеріне виза мәселелері бойынша бағыт беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, қаржы, заңтану, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

 

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

      9) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

-"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154 140,87

208 293,69

С-4

114 145,65

186 526,38

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Қағидаларының 54-тармағына сәйкес Әңгімелесу барысында техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен бір жылдан кем емес персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 55- тармағына сәйкес А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

 

Әңгімелесу өткізу уақыты: 2021 жылғы 12 тамыз.

Әңгімелесу өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.

 

"Б" корпусыныңмемлекеттік

әкімшіліклауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

Нысан

            __________________________

  (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.

                                                                                                           (иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

Мекенжайы: __________________________________________________________

 

Байланыс телефоны: ____________________________________________________

 

e-maіl: ________________________________________________________________

 

ЖСН: ________________________________________________________________

 

_________                                             ______________________________________

(қолы)                                                     (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

"___"_______________ 20 __ ж.

 

Дата публикации
06 августа 2021
Дата обновления
06 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы