Меню

Страницы

Статья

ЯСЖТШҰ

Қазақстанның ЯСЖТШҰ-мен ынтымақтастығы туралы

1996 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы К.-Ж. Тоқаев ЯСЖТШ-қа қол қойды. Шарт Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы №270-II Заңымен ратификацияланды әрі Қазақстан үшін 2002 жылғы 14 мамырда күшіне енді.

Қазақстанның ЯСЖТШ-ны әмбебаптандырудағы және оны басқа мемлекеттердің ратификациялауына жәрдемдесудегі күш-жігері іс жүзінде қадағалау режимінің барлық негізгі элементтеріне жатады:

1.ХМЖ қазақстандық секторының бақылау станцияларының құрылуы және қызметі.

1999-2006 жылдар аралығында ЯСЖТШ-тың хаттамасына сәйкес Қазақстанда ХМЖ бес: төрт сейсмикалық және бір инфрадыбыстық жаңа станцияның құрылысы аяқталды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Қазақстандағы келесі станциялар табысты жұмыс істеуде:

- негізгі сейсмикалық желінің бір станциясы PS23-Мақаншы – сейсмотобы (2000 жылдан бастап);

-  қосалқы сейсмикалық желінің үш станциясы: негізгі желіге қосалқы AS057-Бурабай – сейсмотобы,  (2002 жылдан бастап), AS058-Курчатов – сейсмотобы (2006 жылдан бастап), АЅ059-Ақтөбе – үшкомпонентті станция (2005 жылдан бастап);

-IS031-Ақтөбе инфрадыбыстық желінің станциясы (2001 жылдан бастап).

Осы станциялардың барлығы 2002-2006 жылдар кезеңінде халықаралық сертификаттаудан табысты өтіп, тәулік бойына үздіксіз режимде жұмыс істеуде.

ЯСЖТШ-ны қолдауға және АҚШ-пен Келісім шеңберінде тағы екі сейсмикалық топтың құрылысы салынды: Батыс Қазақстандағы Ақбұлақ және Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау. Бұдан басқа, әлеуетті ынтымақтасушы ұлттық объектілері ретінде тағы 11 станция қалпына келтірілді, жаңғыртылды және қызмет етуде.

Осылайша, Халықаралық мониторинг жүйесінде қолданылатын бақылаудың төрт технологиясынан Қазақстанда екеуі – сейсмикалық және инфрадыбыстық технологиялар ұсынылған.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі арасында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың орындалуын бақылауды нығайту үшін игі газдардың мониторингін Радионуклидтік станциясына мүліктік үлес бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы базасында мобильді контейнер түрінде көрсетілген станцияны жеткізу және орнату 2020 жылы күтілуде, артынан сарапшылар ЯСЖТШ Халықаралық мониторинг жүйесіне қосу үшін станцияны сертификаттау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

  1. Қазақстандық ұлттық деректер орталығының құрылуы және жұмысы.

ЯСЖТЖ-ның және Норвегия NORSAR геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер институтының қолдауымен құрылған Алматыдағы Деректер орталығы ХМЖ-мен және ХДО-мен тұрақты байланыста жұмыс істейді. Коммуникациялар желісі барлық қазақстандық мониторинг станцияларынан нақты уақыт режимінде автоматтандырылған деректерді жинау жұмыстарын қамтамасыз ететін 132 байланыс арнасын қамтиды.

Деректер орталығында әртүрлі жеделдіктегі бюллетендер, әр түрлі тақырыптық бағыттағы (эталондық оқиғалар, ядролық жарылыстар және т.б.) деректер қорлары шығарылып тұрады. Инфрадыбыстық мониторинг деректерін жедел өңдеу және талдау тұрақты негізде жүргізіледі. 7 халықаралық және ұлттық деректер орталығымен жүйелі түрде деректер алмасу жүзеге асырылады.

2010 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстан ұлттық Деректер орталығы базасында ядролық мониторинг деректерін өңдеу жөніндегі Орталық Азия елдерінің мамандарына арналған Өңірлік оқыту орталығы ашылды, әрі қазіргі уақытта жұмыс істеуде. Бұл жоба Норвегия Үкіметімен және ЯСЖТЖ УТХ (Уақытша Техникалық Хатшылығы)-мен бірлесіп жүзеге асырылды.

  1. Жергілікті жерлердегі инспекциялар режимі жөніндегі іс-шараларды қолдау.

Қазақстанның бастамасымен және ҚР-да ЯСЖТЖ Дайындық комиссиясының шешіміне сәйкес жергілікті жерлердегі инспекциялар бойынша төрт далалық эксперимент: 1999, 2002, 2005 және 2008 жылдары өткізілді

Қазақстан далалық эксперименттер өткізу үшін бұрынғы Семей сынақ полигонының (ССП) аумағын ұсынды, бұл шынайы жағдайларға жақын болған жағдайларда оқу-жаттығуларды өткізуге ықпал етті.

Қазақстанда 1999 жылы өткізілген эксперимент ЯСЖТЖ тарихында бірінші рет болып, 7 мемлекет өкілдерінің қатысуымен өткенін атап өту керек.

2008 жылғы далалық эксперимент Қазақстандағы ең ірі тәжірибе болды, оның қорытындысы Жергілікті жерлерде инспекциялар өткізу жөніндегі басшылық құжаттарды жетілдіру үшін маңызды мәнге ие болды.

Қазақстандық мамандарды УТХ ұйымдастырған курстарда оқыту.

1998-2015 жылдар аралығында 70-ке жуық қазақстандық маман Қазақстанда, Австрияда, Германияда, Жапонияда, Францияда, Ресейде, Норвегияда, АҚШ-та, Қытайда және басқа да елдерде ЯСЖТЖ УТХ желісі бойынша ұйымдастырылған курстарда тағылымдамадан және оқудан өтті.

Ядролық мониторинг деректерін азаматтық мақсаттарда пайдалану.

Ядролық сынақтарға мониторинг жүргізетін жүйені құрудың арқасында Қазақстанның бүкіл аумағындағы сейсмикалылық туралы жаңа деректер алынды және келіп түсуде. Бұл жаңа деректер жаңа нәтижелерді алуға мүмкіндік берді.

Қазақстанның аудан-ауданға бөлінген сейсмикалық картасын және әртүрлі өңірлердегі сейсмикаға төзімді құрылыс нормаларын түзету қажеттілігі анықталды. Алынатын деректер мұнай өндіру жұмыстары жүргізілетін Каспий теңізі ауданының қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыруға және бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында жарылыс процестерінің дамуын бақылауға мүмкіндік береді.

Мониторинг деректерін талдау нәтижелері бойынша қазақстандық карьерлер жөніндегі өнеркәсіптік жарылыстардың каталогтары жасалды.

2018 жылдың 29 тамызында, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні және Семей ядролық полигонының жабылу күні тұспа-тұс келуіне орай, Курчатовтағы бұрынғы Семей сынақ полигонының объектілеріне барып қайту арқылы, ЯСЖТЖ-ның Жастар тобы мен Көрнекті қайраткерлер тобының конференциясы Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Екі іс-шара ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі антиядролық бастамаларын жүзеге асыруға және ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салуды белгілеуді танымал ету және жаһандық ядролық қарусыздану мен таратпау үдерісіне біздің еліміздің теңдессіз үлесін танымал етуге бағытталған.

2019 жылғы 29 тамызда, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып белгіленген онжылдық қарсаңында «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының лауреаты Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербоға салтанатты тапсыру рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Марапаттау рәсіміне Халықаралық қауіпсіздік саласындағы белгілі халықаралық қайраткерлер қатысты, олар сыйлықтың маңыздылығы мен өзектілігін, Қазақстанның қарусыздану және оны таратпау саласындағы жетістіктерде Елбасының негізгі рөлін атап өтті.

Дата публикации
16 октября 2019
Дата обновления
16 октября 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы