Қазақстандық-қырғыз қатынастары
Негізгі күндер
1992 ж. 15 қазанда – дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 ж. 9 қаңтарда – ҚР Қырғыз Республикасындағы Елшілігі ашылды.
1993 ж. қаңтарда – Қырғыз Республикасының ҚР Елшілігі ашылды.
2002 ж. 11 қазанда – Қырғыз Республикасының Алматы қаласында Бас консулдығы ашылды.
2012 ж. 28 тамызда – ҚР Ош қаласында Консулдығы ашылды.
2021 ж. 19 сәуірден бастап ҚР Қырғызстандағы Елшісі Р.Жошыбаев болып табылады.
2021 ж. 9 тамыздан бастап Қырғызстанның ҚР Елшісі Д.Дюшекеев болып табылады.
Саяси диалог
Қазақстан мен Қырғызстан арасында екіжақты байланыстардың барлық спектрі бойынша көпжоспарлы өзара әрекеттестікпен сипатталатын одақтастық қатынастар орнатылған.
2019 жылғы 27 қарашада ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары болып өтті, оның шеңберінде Жоғары Мемлекетаралық Кеңесінің 5-отырысы өтті.
2021 жылғы 2-3 наурызда Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.
2022 жылғы 26 мамырда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары өтті.
2022 жылғы 13-14 қазанда Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров АӨСШК, ТМД саммиттері мен «ОА-РФ» бірінші саммитіне қатысу үшін Астанаға жұмыс сапармен келді.
2022 жылғы 27 қазанда Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров ОА елдері мен ЕО Президентінің алғашқы кездесуіне қатысу үшін Астанаға жұмыс сапары өтті.
Жоғары деңгейдегі байланыстар
2019 жылғы 20 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұловтың Қырғыз Республикасына ресми сапары өтті.
2019 жылғы 12 шілдеде – ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің ресми сапары, оның барысында қазақстандық-қырғыз Үкіметаралық кееңсінің (ҮАК) 8-отырысы өткізілді.
2021 жылғы 28-29 мамырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Бішкекке ресми сапармен барды.
2021 жылғы 7-8 желтоқсанда Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Жапаровтың Қазақстанға жұмыс сапары өтті.
Парламенттік дипломатия
Парламентаралық диалогты ілгерілету бойынша жұмыс трақты негізде жүргізілуде.
2015 жылғы 15 маусымда Астанада ҚР Парламенті мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші арасында Парламентаралық ынтымақтастық кеңесі туралы келісімге қол қойылды. Кеңес одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту және парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында ҚР және Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің ұсыныстарына сәйкес құрылды.
2022 жылғы 13 мамырда Жамбыл облысы Қордай ауылында ҚР Парламенті Мәжілісінің және Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеттері мүшелерінің бірлескен көшпелі отырысы өтті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, көліктік-логистикалық проблемаларды шешу және т. б. мәселелердің кең ауқымын талқылады.
2023 жылғы 23-24 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтің Қырғызстанға ресми сапары өтті. Сапар аясында сондай-ақ оның Қырғыз Республикасының Президенті С.Н.Жапаровпен кездесуі болды.
2023 жылғы 10 ақпанда Түркістанда ОА мемлекеттерінің Парламентаралық форумына қатысу аясында ҚР Парламенті Сенатының Төрғасы М.Әшімбаевтің және Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Н.Шакиевтың кездесуі өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық
Қазақстан Қырғызстанның басты сауда-экономикалық және инвестициалық әріптестерінің бірі болып табылады. 2022 жылы Қазақстан ЕАЭО мүше елдер арасында (РФ кейін) Қырғызстанның сауда әріптесі мөлшері бойынша екінші болды.
Екі мемлекет басшыларының тауар айналымының көлемін $2 млрд. дейін ұлғайту жөніндегі уағдаластықтарын іске асыру бойынша қазіргі уақытта екі елдің үкіметтері жұмыс жүргізуде.
2022 жылы тауар айналымы 1,129,2 млрд. долл. құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4% жоғары (1,050,5 млрд.). Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт 10,4% өсіп, 745,3 млн. долл. құрады. Қырғызстаннан Қазақстанға импорт 2,1% өсіп, 383,9 млн. құрады.
2005 жылдан бастап Қазақстаннан Қырғызстанға тікелей инвестициялар көлемі $1,118 млрд. құрады, Қырғызстаннан Қазақстанға –
$97,1 млн.
Екіжақты қатынастарды тереңдету және кеңейту мақсатында Үкіметаралық кеңес және Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жұмыс тобы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда ҮАК он отырысы өткізілді, оның соңғысы 2022 ж. 29 сәуірде Бішкек қаласында өтті. 2022 жылы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жұмыс тобының екі отырысы откізілді.
Көлік саласындағы өзара іс-қимыл
1994 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан мен Қырғызстан арасында ҚР Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы және әуе көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес тікелей тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта тараптармен «Алматы – Ыстықкөл» автожолы құрылысының жобасын пысықтауда. Осы жобаны іске асыру шеңберінде тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның үкіметтері мен Азия Даму Банкі арасындағы Келісімге қол қоюға дайындық кезеңіне шығады.
Су-энергетикалық саладағы ынтымақтастық
ҚР мен Қырғыз Республикасы су шаруашылығы қатынастары саласында жемісті өзара іс-қимыл жасайды. Екі ел арасында тұрақты негізде тиісті су шаруашылығы комиссиясы жұмыс істейді.
2022 жылы тараптар Қырғызстан аумағында Қамбарата СЭС-1 салу бойынша жобаны бірлесіп іске асыруға дайын екендіктерін білдірді. Тараптармен Қамбарата СЭС-1 құрылысы жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Үкіметаралық келісімнің жобасы пысықталуда.
Әскери-техникалық ынтымақтастық
Тұрақты негізде Қырғызстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетілуде. 2022 жылғы маусым соңында Әскери-техникалық жәрдемдесу туралы екі келісім шеңберінде (2021 жылғы 2 наурыздағы және
7 желтоқсандағы) Қырғызстанға әскери мүлікті жеткізу жүзеге асырылды.
Шекара маңы және өңіраралық ынтымақтастық
Қазіргі уақытта тараптар 2023 жылы Бірінші қазақстандық-қырғыз өңіраралық форумын өткізу бойынша дайындық жүргізуде.
Өндірістік кооперацияны тереңдету мақсатында Индустриялық сауда-логистикалық кешені (ИСЛК) құрылысының жобасы пысықталуда. ҚР мен Қырғыз Республикасы мемлекеттік органдарымен ИСЛК қызметін реттеу туралы Үкіметаралық келісім жобасын келісу рәсімін аяқтау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық табысты дамуда. Екі елдің зиялылары мен қоғамдастығының қатысуымен тұрақты түрде көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», поэтикалық кештер мен семинарлар өткізіледі. 2021 жылғы 7-8 қазанда Бішкекте Қазақстанның мәдениет күндері өтті. Салтанатты іс-шараларға 350-ден астам танымал қазақ әртістері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және ҚР-дан 10-нан астам жетекші шығармашылық ұжымдар қатысты.
2022 жылғы 26 мамырда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары барысында Бішкек қаласында Абай Құнанбаев ескерткішінің, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылуы өтті. 2022 жылғы 27-29 қазанда Астанада Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндері сәтті өтті.
Білім беру саласындағы ынтымақтастық айтарлықтай тереңдей түсті. 2022 жылы Қазақстан Қырғызстан азаматтары үшін қазақстандық жоғары оқу орындарында оқыту үшін жыл сайынғы квоталық орындарды (5-тен 50-ге дейін) ұлғайтты.
2022 жылғы 6 желтоқсанда Ош мемлекеттік университетінің базасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филиалының ашылуы өтті.
1998 жылдан бастап Қазақстан бауырлас Қырғызстанға үнемі гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Осы кезең ішінде Қырғыз Республикасына ТЖ салдарын жоюға арналған азық-түлік, өнеркәсіптік тауарлар, материалдық құндылықтар, көмір, дизель отыны, сондай-ақ ҚР Үкіметінің төтенше резервінен ақша қаражаты жіберілді.
2020 жылғы мамырда Қырғызстанға 5 мың тонна көлемінде ұн жеткізу түрінде $3 млн. астам сомаға гуманитарлық көмек, 2020 жылғы қарашада – 400 бірлік ӨЖЖ аппараттары және жалпы сомасы $900 мыңға 2 млн. медициналық маска жіберілді.
2021 жылғы мамырда Қырғызстанға 10 мың тонна ұн түрінде гуманитарлық көмек, 2021 жылғы маусымда QazVac отандық вакцинасының 25 мың дозасы жіберілді.
2022 жылғы наурызда 1 мың тонна таңдацлы бидай тұқымдары түрінде кезекті гуманитарлық көмек жеткізілді.
2005 жылдан бастап Қазақстан Қырғызстанға жалпы сомасы 17,2 млн. долларға гуманитарлық көмек көрсетті.
Шарттық-құқықтық база
Дипломатиялық қатынастардың 30 жыл ішінде екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымы бойынша одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететін берік шарттық-құқықтық база құрылды. Барлығы 150-ден астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық шарттарға қол қойылды.
Негізгілері 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы шарт және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы шарт болып табылады.